Get Mystery Box with random crypto!

25-30 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республ | DARYN RSPC

25-30 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, Олимпиада "Ustudy" орталықтары негізінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда жер-жерде өтті.

Республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557 қатысушы бақтарын сынаған болатын.

Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Алтын медальға 122 қатысушы, күміс медальға 214 және қола медальға 349 қатысушы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін respa2021.daryn.kz сайтында көруге болады.

Республикалық олимпиаданың онлайн жабылу салтанаты 30 сәуірде Daryn Ortalygy youtube каналында сағат 17:00-де өтеді:



Барлық оқушыларға Олимпиадаға қатысып, пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде ең мықты оқушылар дода жүлдесіне ие болды. Жарыс әділ және ашық түрде өтті. Сіздерге тек Олимпиадада ғана емес, сонымен қатар барлық бастауларыңызда сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/p/COSUZLgJ9D3/?igshid=1ly9wgfqtgrp6