Get Mystery Box with random crypto!

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында әл-Хорезми атындағ | DARYN RSPC

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында әл-Хорезми атындағы халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан және т. б. мемлекет оқушылары арасында алғаш рет ұйымдастырылған олимпиадада Қазақстан командасы керемет жетістікке жетіп, 2 алтын, 2 күміс иеленді.

Атап айтқанда:
Еркебұланұлы Али - Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы – алтын медаль;

Сайлаубай Бексұлтан – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – алтын медаль;

Дидарбекова Анар – Алматы қаласының С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушысы – күміс медаль;

Алтынбек Ерасыл - Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – кұміс медаль.

Қазақстан құрама командасын айтулы жеңісімен құттықтаймыз!

Болашағы жарқын жастарымызға тек сәттілік тілейміз!