Get Mystery Box with random crypto!

Астанада биология, география және химия пәндері бойынша олимпи | DARYN RSPC

Астанада биология, география және химия пәндері бойынша олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындары өтуде.

Олимпиадалық резерв мүшелері бір апта ішінде тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен алдағы халықаралық олимпиадаларға сапалы дайындалып, тиімді нәтиже көрсету мақсатында өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдетеді.

Жиындар:
Биология пәні бойынша Назарбаев Университеті базасында;
География және химия пәндерінен «Edlight Academy» базасында өткізілуде.

Олимпиадашыларға жемісті, әрі табысты дайындық тілейміз!