Get Mystery Box with random crypto!

«Regeneron ISEF-2023» дүниежүзілік ғылыми-инженерлік конкурсын | DARYN RSPC

«Regeneron ISEF-2023» дүниежүзілік ғылыми-инженерлік конкурсының финалы 2023 жылдың 14-19 мамыры аралығында Техас штатының Даллас қаласында (АҚШ) өтті.

Осы жылы байқауға дүниежүзінің 64 елінен 1600-ден астам жас ізденушілер қатысты.

Ел намысын қорғаған үш жас ғалымдар: Сағын Жұмаділдаев – Алматы қаласы НЗМ 11-сынып оқушысы (Математика), Асылхан Қали – Көкшетау қаласы НЗМ 11-сынып оқушысы (Информатика), Алдияр Сүлеймбеков – Астана қаласы № 60 МЛ 10-сынып оқушысы (Химия).

Үздік жеңімпаздар екі марапаттау рәсімінде анықталды және 75 000 АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлдені жариялауды қамтыды. Ол Сан-Хосе қаласынан (АҚШ, Калифорния шт.) келген 17 жастағы Кэйтлин Вангқа берілді. Жалпы алғанда, инновация мен зерттеу тереңдігі негізінде бағаланған жұмыстарға шамамен 9 миллион доллар берілді.

Қазақстан құрамасының мүшесі Сағын Жұмаділдаевтың «L-tromino tilings for portions of square lattice» жобасы Mu Alpha Theta ақшалай сыйлығымен марапатталды.