Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін, Назарбаев Университетінде 57-ші Халықаралық Менделеев о | DARYN RSPC

Бүгін, Назарбаев Университетінде 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының екінші туры аяқталды.

Онда әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысты.

Екінші турда қатысушыларға химияның бес бөлімінен: органикалық, бейорганикалық, аналитикалық және физикалық химия, сондай-ақ тіршілік танудан жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылды.

Күннің екінші жартысында қатысушылар Орталық Азиядағы ең жас және ең үлкен мұражай – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат жасады.

Ертең белгіленген бағдарламаға сәйкес қатысушыларға «Балқарағай» демалыс аймағында бір күндік іс-шаралар жоспарланған.

Еске салсақ, олимпиада алты күнге созылады және үш турдан тұрады: екі теориялық және бір практикалық.
Қорытындысы 6 мамыр күні шығады.

#57ХМО #ХMO2023 #ХХМО2023
#ХалықаралықМенделееволимпиадасы