Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі күннің бірінші жартысында 57-ші Халықаралық Менделеев | DARYN RSPC

Бүгінгі күннің бірінші жартысында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының бірінші туры аяқталды.

Онда әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысты.

Бірінші турдың тапсырмалары күрделілігі бойынша мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келетінін атап өткен жөн.

Түстен кейін қатысушылар Қазақстан астанасының ең көрікті жерлерінің бірі Нұр Әлемді аралады. Мектеп оқушылары энергияның баламалы көздерден, сондай-ақ жел, күн, судан алу жобаларын ұсынатын «Болашақ Астана», «Ғарыш энергиясы» және «Күн энергиясы» павильондарының жұмысын тамашалады.

Бағдарламаға сәйкес ертең олимпиаданың екінші теориялық туры өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен тамаша нәтижелер тілейміз.

Айта кету керек, химия пәнінен оқушылар арасында 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасы елімізде төртінші рет өткізіліп отыр. Негізгі өткізу орны ретінде Назарбаев университеті белгіленген.

#57ХМО #ХMO2023 #ХХМО2023
#ХалықаралықМенделееволимпиадасы