Get Mystery Box with random crypto!

Химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аясында қатыс | DARYN RSPC

Химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аясында қатысушы командалардың жетекшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының химия пәні мұғалімдері үшін дөңгелек үстелдер мен семинарлар және конференциялар форматында іс-шаралар қарастырылған.

Ол іс-шараларда Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, білім беру мазмұнын сараптау орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Астана қаласындағы әдістемелік орталықтарының өкілдері спикерлер ретінде қатысуда.

Солардың бірі, бүгін 2 мамырда, «Мектеп оқушыларын химия пәнінен олимпиадаға дайындаудың ұлттық жүйелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтуде.

Іс-шаралар бағдарламаға сәйкес 3 күнге созылады.

Толығырақ https://www.instagram.com/p/CrvBlsLNCD4/?utm_source=ig_web_copy_link