Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін ХMO-2023 аясында химиядан олимпиада есептерін шешуге арн | DARYN RSPC

Бүгін ХMO-2023 аясында химиядан олимпиада есептерін шешуге арналған халықаралық семинар өз жұмысын бастады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар мен қазақстандық химия пәні мұғалімдері білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ күрделі есептерді шешудің жаңа жолдарын іздеуге Астана қаласында бас қосты.

Екі күндік семинар жұмысы қатысушыларға химия саласындағы білімдері мен дағдыларын кеңейтудің бірегей мүмкіндігі болып табылады.

Семинар аясында олимпиадалық, интеграцияланған және стандартты емес сандық және сапалық міндеттерді шешудегі заманауи әдістер мен тәсілдер, эксперименттік міндеттер мен химиядан стандартты олимпиадалық тапсырмаларды таңдау және әзірлеу мәселелері қаралады.

Естеріңізге салсақ, 1 мамыр мен 6 мамыр аралығында елордада химия пәнінен оқушылар арасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтуде. Олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысып отыр.

#57ХМО #ХMO2023 #ХХМО2023
#ХалықаралықМенделееволимпиадасы