Get Mystery Box with random crypto!

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ХИМИЯ ПӘНІНЕН 57-ШІ МЕНДЕЛЕЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ | DARYN RSPC

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ХИМИЯ ПӘНІНЕН 57-ШІ МЕНДЕЛЕЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА 21 МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАДЫ

1 - 6 мамыр аралығында Астанада оқушыларға арналған химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға 21 мемлекет командалары қатысады. Еліміздің намысын Қазақстан құрама командасының 15 мүшесі қорғайды.

Қазіргі уақытта Түркіменстан, Сирия, Армения, Хорватия, Болгария, Венгрия, Сауд Арабиясы, Македония, Түркия, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Әзірбайжан құрама командалары келді.

Келесі ретте Бразилия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Австрия, Беларусь, Израиль, Моңғолиядан мектеп оқушылары келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімдері YouTube-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі:
https://youtube.com/live/QFIKldcGskY - қазақ тілінде
https://youtube.com/live/JIW_qmvbg2U - орыс тілінде
https://youtube.com/live/QxkH-saHiVY - ағылшын тілінде