Get Mystery Box with random crypto!

1 мамыр мен 6 мамыр аралығында елордада химия пәнінен оқушылар | DARYN RSPC

1 мамыр мен 6 мамыр аралығында елордада химия пәнінен оқушылар арасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді.

Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысатын болады. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және т.б. Бразилия құрамасы Халықаралық Менделеев олимпиадасына алғаш рет қатысып отыр.

Командалардың құрамы республикалық химия олимпиадаларының қорытындысы бойынша анықталады.

Жобаны қабылдаушы тараптан — Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, ал Ресей тарапынан дәстүрлі түрде М. В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультеті мен Андрей Мельниченко Қоры ұйымдастырады.

Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімдері YouTube-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

#ХMO2023 #ХХМО2023
#ХалықаралықМенделееволимпиадасы #Менделеев2023