Get Mystery Box with random crypto!

دَارُ الْفِكْر

Telegram арнасының логотипі darulfikrkz — دَارُ الْفِكْر د
Telegram арнасының логотипі darulfikrkz — دَارُ الْفِكْر
Арна мекенжайы: @darulfikrkz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 598
Арнадан сипаттама

Ортодоксальдік канал
Канал админі туралы толыққанды мағлұмат:
Фиқһ: Ханафи;
Ақида: Матуриди;
Тариқат: Нақшбанди (адасқан Құрбанәліге қатысым жоқ).
Каналда сенімді ақпараттар салынып тұрады.
Кері байланыс: @darulfikrkz_bot

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-12-21 22:04:00 وَأَخْرَجَ الطَّبَرَانِيُّ عَنْ سَفِينَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: احْتَجَمَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: «خُذْ هَذَا الدَّمَ، فَادْفِنْهُ» حِفْظَاً مِنَ الدَّوَابِّ وَالطَّيْرِ وَالنَّاسِ. قَالَ: فَتَغَيَّبْتُ…
245 viewsedited  19:04
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 17:24:55 وَأَخْرَجَ الطَّبَرَانِيُّ عَنْ سَفِينَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: احْتَجَمَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: «خُذْ هَذَا الدَّمَ، فَادْفِنْهُ» حِفْظَاً مِنَ الدَّوَابِّ وَالطَّيْرِ وَالنَّاسِ.

قَالَ: فَتَغَيَّبْتُ فَشَرِبْتُهُ، ثُمَّ ذَكَرْتُ ذَلِكَ لَهُ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ، فَضَحِكَ.

Имам ат-Табарани Сәфинадан, Аллаһ одан разы болсын: «Пайғамбар ﷺ хиджама жасатқаннан кейін (Абдулла ибн әз-Зубәйрға): «Барып қанды көміп таста», деді. (Абдуллаһ ибн әз-Зубәйр) айтты: «(Пайғамбарымызға ﷺ) көрінбей кетіп, (мубарак қанды) ішіп қойдым. Кейін Пайғамбарымызға ﷺ болған жағдайды айтқанда, Ол ﷺ күлді».

قَالَ الهَيْثَمِيُّ بَعْدَمَا أَوْرَدَهُ: رِجَالُ الطَّبَرَانِيِّ ثِقَاتٌ. اهـ.

Әл-Һәйсәми хадисті келтіргеннен кейін айтты: «Ат-Табарани риуаят еткен адамдар сенімді».

قَالَ العَلَّامَةُ القَسْطَلَانِيُّ: وَفِي كِتَابِ الجَوْهَرِ المَكْنُونِ في ذِكْرِ القَبَائِلِ وَالبُطُونِ، أَنَّ ابْنَ الزُّبَيْرِ لَمَّا شَرِبَ دَمَ حِجَامَةِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ تَضَوَّعَ ـ أَيْ: فَاحَ ـ فَمُهُ مِسْكَاً، وَبَقِيَتْ رَائِحَتُهُ مَوْجُودَةً في فَمِهِ، إلى أَنْ قُتِلَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ.

Ғұлама әл-Қастиләни «әл-Джәуһәр әл-Мәкнун фи зикри әл-Қабәил уә әл-Бутун» кітабында айтты: «Абдуллаһ ибн әз-Зубәйр Пайғамбарымыздың ﷺ мубарак қанын ішкеннен кейін ауызынан әтір иісі шыққан және бұл өмірден өткенге дейін жалғасқан».
254 viewsedited  14:24
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 12:48:11
Түркия, дінсіз коммунистер билікке келіп мұсылмандарды қудалау уақыты.
Шейх, шәһид Искилипли Атиф Эфенди Хазретлеридің соты.

Сот:
Сәлдеңді шешіп, орнына қалпақ кисең не болады? Сәлде де мата, қалпақта мата ғой!?

Шейх:
Сот мырза, артыңызда ілулі тұрған туды алып тастап, оның орнына ағылшындық туды қойсаңыз не болады? Бұл ту да матадан, ағылшын туы да матадан жасалған ғой!?

Аллаһу Тағала Шейхтарымызды Рақымына алсын!
267 viewsedited  09:48
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 11:35:08 Біз Дамаскіде оқып жүрген кезде Шамның атақты ғалымы Мустафа әл-Буға бізге бір оқиғаны айтып берді. Бұрын Алжирлік аналар бесіктегі балаларына мәтін кітаптар оқитын және сол балалар бесіктен шыққан уақытта мәтін кітаптарды жатқа біліп шығатын. Бұл балалар Құранмен, ақида және фиқһпен байланысты болатын. Ол кезде (Алжир елінде) мәтін кітаптарды бесік жыры қылып айту дәстүр болатын, сонда бала бесіктен бұл мәтіндерді жатқа біліп шығатын. Қараңызшы, егер ана қаласа баланы дінге деген сүйіспеншілікте тәрбиелей алады.

Күнімізде ана өз отбасына қатысты жауапсыз болуға болмайды. Біздің жауапсыздығымыз жұмыссыздыққа тікелей байланысты. Біз азғантай тиын үшін отбасылық өмірді бағаламаймыз, ер адамдар жалқау болып кетті, ал әйелдер керісінше, пайдасыз нәрселерге белсенді. Сондықтан Батлухтан болған Мухаммдтың ұлы Садухаджидің (қуддисә сирруһ): «Сіздер қыздарды бос қалдырмаңыздар, егер үйде жұмыс жоқ болса, онда олар көршіңізге барып көмектессін», - деп айтатын. Не үшін былай айтты? Себебі қолы бос әйел жиі қажетсіз әңгімелерге, жанжалдарға, өсек-аяңға түсіп, оның қоғамдағы жарылыстың детонаторына айналуы мүмкін екенін білді. Егер біз кез-келген фитнаны қарастыратын болсақ, онда кез-келген фитна әйелден басталатынын көреміз. Сондықтан Пайғамбарымыз ﷺ өзінің хадисінде: «Сіздер Аллаһтан және әйелдерден қорқыңыздар! Өйткені бану Исраилдің алғашқы фитнасы әйелмен байланысты болды», - деді. Әйелдер жамандыққа ілікпеулері үшін біз оларды бір кәсіппен шұғылдандырып қоюымыз керек. Әйел адам құдайдан қорқып, ер адамға тірек және жәрдемші болуы керек.

Бізде Дағыстанда осындай Құдайдан қорқатын әйелдер көп. Олар болды, бар және болады. Әйел құдайдан қорқуы үшін біз қыздарымызды бала кезден шариғатқа сай тәрбиелеуіміз керек.

Ұстаз Әбу Ариф Әли-Хаджи әл-Кикуни حفظه الله تعالى
415 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 10:13:25
252 views07:13
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 07:30:33 روى ابن عساكر في تاريخه عن أحد أصحاب الشبلي أنه رآه في النوم بعد موته فقال له:
ما فعل الله بك؟
فقال أوقفني سبحانه بين يديه
وقال لي : يا أبا بكر أتدري بماذا غفرتُ لك؟
فقلت : بصالح عملي.
فقال : لا
فقلت : بإخلاصي في عبوديتي.
قال : لا
فقلت : بحجي وصومي وصلاتي.
قال : لم أغفرْ لك بذلك!!
فقلت : بهجرتي إلى الصالحين، وإدامة أسفاري في طلب العلوم.
فقال : لا
فقلت : يا رب هذه المُنجّيات التي كنت أعقد عليها خنصري، و ظني أنك بها تعفو عني وترحمني
فقال : كل هذه لم أغفرْ لك بها
فقلت : إلهي فبماذا؟
قال : أتذكرُ حين كنت تمشي في دروب بغداد، فوجدتَ هرة صغيرة قد أضعفها البرد ، وهي تنزوي من جدار إلى جدار مِن شدة البرد والثلج، فأخذتها رحمة لها فأدخلتها في فرو كان عليك وقاية لها من ألمِ البرد؟
فقلت : نعم
قال: برحمتِك لتلك الهرة فقد رحمتُك.

Хафиз ибн Әсәкир өзінің «Тарих» кітабында әш-Шиблидің достарының бірі оны өмірден өткеннен кейін түсінде көргенін риуаят етеді. Әш-Шиблиден:
«Аллаһу Тағала саған не істеді?», деп сұрағанда:
Ол: «Мені Өз құзырына тұрғызып сұрады: «Уа, Әбу Бәкір, мен сені не үшін кешіргенімді білесің бе?», деп сұрады.
Мен: «Жақсы амалдарым үшін» дедім.
Аллаһу Тағала: «Жоқ», деді.
Мен: «Амалда ықыласым үшін», дедім.
Аллаһу Тағала: «Жоқ», деді.
Мен: «Қажылық, ораза және намазым үшін», дедім.
Аллаһу Тағала: «Мен сені бұл үшін кешірген жоқпын!», деді.
Сонда мен: «Тақуалар үшін хиджрат етуіммен және ғылым іздеу жолындағы сапарларым үшін», дедім.
Аллаһу Тағала: «Жоқ», деді.
Сонда мен: «Уа, Раббым, бұл мінәжаттарым мені құтқарады деп сеніп жүрген еді, осы амалдарым үшін мені кешіріп, рақым етерсің деп ойладым».
Аллаһу Тағала: «Мен сені сол амалдарың үшін кешірген жоқпын», деді.
Мен: «Аллаһым, енді не үшін?»
Аллаһу Тағала: «Сен Бағдад көшелерінің бірімен келе жатқанда суықтан әлсіреген кішкентай мысықты кезіктіргенің есінде ме? Ол мысық суық пен қардың қатты суығынан қабырғадан қабырғаға соқтығысып жүрді. Сен ол мысыққа мейірім танытып, оны суықтың ауыртпашылығынан қорғау үшін киімінің ішіне кіргіздің».
Мен: «Иә», дедім.
Сонда Аллаһу Тағала: «Сол мысыққа көрсеткен мейірімің себепті Мен саған мейірімімді көрсеттім», деді.
278 viewsedited  04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 22:29:39 Сіз ойлаған боларсыз «истәуә» мәселесіндегі келіспеушілік тек уаһаби-муджассимдер мен әһлу сунна арасында деп. Онда қателестіңіз. «Истәуә» мәселесінде тіпті уаһаби-муджассим “шейхтарының” өз араларында хиләф бар. Мысалы:

Албани «истәуә» мәселесінде:

لا يجوز استعمال ألفاظ لم ترد في الشرع لا يجوز أن يوصف الله بأنه مستقر لأن الإستقرار أولا صفة بشرية ثانيا لم يوصف بها ربنا عزّ وجل حتى نقول استقرار يليق بجلاله.

«Шариғатта келмеген сөздерді (Аллаһу Тағалаға қатысты) қолдану рұқсат емес және Аллаһу Тағаланы (Аршыға) «бекіді/орналасты» деп сипаттау рұқсат емес. Өйткені «беку/орналасу» деген, біріншіден: жаратылыстың сипаты; екіншіден: Аллаһу Тағала «өзінің ұлықтықтығына сай (Аршыға) бекіді/орналасты» деп айтатындай сипатталмайды» (түпнұсқасын мына сілтемеден тыңдасаңыз болады.

Енді ибн Усәймин бұл мәселеде не айтатынын көрейік:

و أجمع السلف على إثبات الستواء الله تعالى عرشه فيجب إثباته من غير تحريف ولا تعطيل ولا تكييف ولا تمثيل وهو استواء حقيقي معناه العلو و الاستقرار على وجه يليق بالله تعالى (شرح لمعة الاعتقاد_الصفة الثالثة عشرة_الاستواء على العرش_ ص٦٤)

«Өткен ізгілер Аллаһу Тағала Арышға «истәуә» еткенін бір ауыздан бекітті және бұл сипатты бұрмаламастан, жоққа шығармастан, кейіп берместен және ұқсаспастан бекіту уәжіп болады. Хақиқи «истәуәның» мағынасы - Аллаһқа лайықты жоғары болу және (Аршыға) беку/орналасу» (Ибн Усәймин, «шарх Лумғату әл-Иғтиқад» 64 бет).


Бұл уаһабаилік шейхтардың бір ақидаға келісе алмай жүргендеріне тек бір мысал ғана. Біз ол туралы мына жерде айтқан болатынбыз.

Ахилар, бізді Құран мен Сүннетке шақырмас бұрын өздеріңіз бір ақидаға келесіп алсаңыздар жақсы болар еді!

#уаһабия
263 viewsedited  19:29
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 18:58:28
Ютубер предлагает 100 долларов палестинцу, если он поцелует некую вещь. Палестинец соглашается не зная что это такое.

Посмотрев это видео, вы поймете о какой вещи идет речь.

Палестинец продемонстрировал, что не за какие деньги не продается религия, честь и свобода.
254 views15:58
Ашу / Түсініктеме