Get Mystery Box with random crypto!

Шынымды айтайыншы, 'Ахмет. Ұлт ұстазы' сериалын 2-3 апта бұрын | Daniyaralanchannel

Шынымды айтайыншы, "Ахмет. Ұлт ұстазы" сериалын 2-3 апта бұрын көруге тырыстым, бірақ көре алмадым. Нақтырағы, түсінбедім.
Шоңбайдың ютюбтағы каналын анда-санда көріп тұрамын. Бір (соңғы?) сұхбатында Мұрат Есжанды шақырыпты. Сол жерде сериал туралы біраз пікірлер қозғалды. Мұратты бұрыннан сырттан танитынмын, бірақ, білмеймін бір менмендік па, мойындамайтынмын. Осы сұхбатта біраз ашылыпты, әжептеуір білім бар екен. Негізі, ол жігітке осындай сұхбаттар жетпейтін секілді. Сұхбат демейікші, өзін-өзі ашатын алаң. Инстаграм болсын, телеграмм канал болсын.
Сұхбатта өзім үшін 2 инсайт болды:
Алғашқысы, біздің өмірімізде ақпараттың қол жетімділігі сонша, біз кәдуәлгі нәрселерге қанағаттанбаймыз. Бізге тек экшн керек. Неге нэтфликс сериалдары өтеді? Өйткені экшн басым. Біреу біреуді өлтіре салады, қан, зорлық. Ал мына сериалда экшн жоқ. Мүмкін содан соң алғаш көрген кезде өтпеді.
Екіншісі: біз бір-бірімізді бағаламаймыз. Ауылдағының аузы сасық дейтін ба еді?! Шоңбайды делитант деп келдім осы уақытқа дейін. Бірақ оның істегенін екінің бірі істеп жатқан жоқ қой?! Қаһарман тұлғаларды қаһарман ретінде көрмейміз де, оның пендешіліктерін іздейміз, мысалы.
Айтпағым, сериалды бастадым. Осы сұхбатты көрген соң. Сіздерге де рекомендеймін.
Пысы: Алашорда дегенің кәдімгідей тұңғиық екен ғой.