Get Mystery Box with random crypto!

Данияр Алан: 'О чем говорят мужщины' фильмін көрдім. Он бесінш | Daniyaralanchannel

Данияр Алан:
"О чем говорят мужщины" фильмін көрдім. Он бесінші рет. Фильмнің арасында "Сто умных мыслей от ста умных мужщин" деген айдар жүреді. Біреуінде: бұрын, бала кезімізде болашақ туралы түсінік бар еді, ал қазір ол түсінік жойылды. Қазіргі сəт бар жəне кейін болатын қазіргі сəт бар. Ертең не болатынын, арғы күні не болатынын білесің. Бір жағынан жақсы шығар, бірақ "болашақ" үшін обал,-деп айтады.
Мүмкін фильм кейіпкерлері секілді қырық жасымда солай айтатын шығармын, бірақ дəл қазір əлі "болашақ" бар екен мен үшін. Сегізінші сыныпта жазған (ия, дəптерге жазғанмын) мақсаттарыма тек жартылай ғана жетіппін. Бірақ ол мақсаттарға жету үшін отыз жасар он жетідегі баланы өз бойымнан қуу керек шығар. Бірақ.. бірақ бар ғой, қуғым келмейді соны. Мүмкін ақылым қуу керек десе де сол күйімде қалғым келетін шығар.
Мен кейін алпыс бестегі он жеті жасар бала болатын секілдімін. Үстімде спортивка, қолымда джойстик, плейстейшнде отырамын. Алпыстағы он жеті жасар қыздарға тиісемін. Қызық қой :)