Get Mystery Box with random crypto!

Dana Orynbassar

Telegram арнасының логотипі danaorynbassar — Dana Orynbassar D
Telegram арнасының логотипі danaorynbassar — Dana Orynbassar
Арна мекенжайы: @danaorynbassar
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 538
Арнадан сипаттама

tym basqa
шүкірім, өмірім, ойым, өзім
миссия: көркем мінезге ие болып адамзатқа тоқтамайтын пайда әкелу♾️
insta: dana.orynbassar

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-12-07 20:59:38 Алла бір пендесіне жақсылық қаласа, оған өз кемшілігін көре алатындай көрегендік нәсіп қылады.
Көреген адам өз бойын, ойын үнемі түзеуші, өзгенің қылығынан бұрын, өз былығын тезге салушы жан.
Көреген адам жұлдыз секілді адасқан жанға жеті түнде жол көрсетеді, теңіздегі кемелер мен сахарадағы керуендер жұлдызға қарап жол табады. Өзі де жарық һәм жан-жағына тоқтаусыз жарық шашады.
Өз кемшілігін бірден білсе, жояды, түзейді.
Оған біз “самооценкам түсіп кетті” деп ат қойып алғанбыз. Өйкені өз кем-кетігіңді біліп тұрсың, байқап қалдың.

Әсілінде екеуі екі басқа ұғым.
“Самооценканың төмен” болуының бір белгісі – өзіңді үнемі дәлелдегің кеп тұрады біреулерге, сенім жоқ, сондықтан өзгелерді төмендетіп отырасың. Абай атпақшы, “өзі шошқа өзгені ит деп ойлар”. Өз ішіңде мысық өліп жатқандықтан өзгелердің есебінен мықты атануды ойлап отырасың, төмендету арқылы “жоғарылау”, өзін “сәл болса да біреуден жоғары екем ғой” деп алдау.

Еееең қауіпті ой осы – “осы жүргендердің ішінде ең тәуірі мен шығармын” деген ой.
Бұл – мұнафықтық. Екіжүзділік.
Екіжүзділіктің антонимі – ықылас. Ықыласты адамды ешнәрсе ренжіте алмайды оңайлықпен, тіпті шайтанның да шырмауына түсе алмайды.
Алла ықыласты құлдарына көмегін үзбейді дейді.

Ықыластың мысалын айтайық.
Біреуге жамандығын, кемшілік-күнәсін айтқанда ренжігендей, жасаған жақсылық, сауабын айтқанда ренжісе – ықыластың белгісі.

Ал қазір керісінше, мақтамаса, айтпай кетсе ренжиді…бұл мақтанқұмар, көкірек керген кербез кісілердің қылығы.
Ықыласты адам “мені байқасын, көрсін, мақтасын, елеп-ескерсін, көптің көзіне түсейін, көрсетейін өзімді” деп амал етпейді. Құрмет, ғиззат, мал-дүние дәметпейді.
(Gallup-тағы significance жоғары адамдардың құлағы шуласын )
Екіжүзділікке ең жақын кісі өзін екіжүзділіктен алыспын деп жүрген кісі.
Мұнафық “екіжүзді адам боп қалмадым ба осы” деп ойламайды, аз-аздан сөзіне өтірік қосылады, тілдің жүрекпен байланысы үзіледі, берген уәдесінен оп-оңай тайсайды, біреумен ұрыса кеткенде шектен шығуға дайын жүреді.
Сондықтан біреу туралы жаман ойда болудың өзі күнә ретінде жеткілікті. Адам өз кемшілігін жақсы білуі тиіс, сол кемшілікті айнадан көргендей анықтап отыратын ортада жүруі, өз нәпсісін сұраққа алуы керек.
543 viewsdnrnbsr, 17:59
Ашу / Түсініктеме
2022-12-05 18:28:38 • 33:34

үйлеріңде оқылып жатқан Алланың аяттарын және пайғамбар хикметін (сүннеттерін) жадыларыңа жақсылап түйіп алыңдар!

шүбәсіз, Алла – Латиф (шексіз ілімімен жүрек түкпірінде жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы).
550 viewsdnrnbsr, edited  15:28
Ашу / Түсініктеме
2022-11-30 01:40:38
дәл осы теориялардың бәрі исламнан басталған

тәкаппар адам өзінің қатесін мойындамайды, көрмейді. біреуге берілген сый оның тағыдырына жазылған, бағы бар дейді

бірақ әрекет етсе нәтижесін беретін, ризықтандыратын Аллаға тәуекел етуге тәкаппарлығы жібермейді. өзгергісі келмейді
705 viewsdnrnbsr, 22:40
Ашу / Түсініктеме
2022-11-30 00:48:49 Я, Бақи, әнтал-Бақи. яғни “уа, мәңгілік Алла, сен ғана мәңгілік махаббатқа лайықсың” зікірі. бұл — қайғырған жүрекке дауа. қиындыққа душар болған адамдар осы зікірді көбірек айтқаны дұрыс
707 viewsdnrnbsr, 21:48
Ашу / Түсініктеме
2022-11-30 00:31:12 жадырашы, шырайлым
488 viewsdnrnbsr, 21:31
Ашу / Түсініктеме
2022-11-28 10:39:35 адамдардың көбі қадір-қасиетін біле бермейтін екі нығмет — денсаулық пен бос уақыт

(хадис, Бухари)
548 viewsdnrnbsr, 07:39
Ашу / Түсініктеме
2022-11-27 11:47:07
Діни сауатыңызды ойын ойнап арттырыңыз! Достарыңызбен жарысыңыз!

ISLAM QUIZ - шариғат шеңберіндегі сұрақтарды қамтитын интеллектуалды ойын. Жүктеу тегін
https://onelink.to/kngrhc
537 viewsdnrnbsr, 08:47
Ашу / Түсініктеме
2022-11-26 15:44:09 кімде-кім Алланы көріп тұрғандай, ең болмағанда Алланың өзін көріп, бақылап тұрғанын жадында ұстап ізгі істер атқаратын ізгі жан ретінде жан-тәнімен бір Аллаға бойсұнса, оның Раббысының дәргейінде алар сыйы бар. ондай жандар үшін (Алланың Өзі жар болатындықтан, әсіресе ақиретте) ешқандай қорқыныш жоқ һәм олар әсте жабықпайды.

(«Бақара» сүресі 2:112)

ниет — Раббыңның разылығын табу
494 viewsdnrnbsr, 12:44
Ашу / Түсініктеме
2022-11-26 15:44:09 күллі аспан әлемі мен жердегі бар биліктің бір Аллаға тиесілі екенін сен әлбетте білесің. сендердің Алладан басқа қамқор достарың да, шын жанашыр медеткерлерің де жоқ.

(«Бақара» сүресі 2:107)
463 viewsdnrnbsr, 12:44
Ашу / Түсініктеме