Get Mystery Box with random crypto!

Past Perfect Present Perfect ережесі қазақша қазіргі шақтың б | Ағылшын тілі

Past Perfect
Present Perfect ережесі қазақша қазіргі шақтың бір түрін белгілейді. Бұл шақ мына екі жағдайда қолданылады:
1) казіргі мезетке дейін аяқталған іс-әрекеттер болғанда, мысалы I have played - мен ойнадым;
2) не казіргі уақыт аралығын қамтыған период ішінде аяқталған оқиғаларға, мысалы I have finished reading “Hamlet” this week, мен "Гамлет" кітабің осы аптада оқып шықтым. Қашан? Осы аптада, апта бітті ме? Жоқ!

Present Perfect құрылу жолдары

Болымды сөйлем:
I have playedWe have playedYou have playedYou have playedHe / she / it has playedThey have played
Сұрақ қою:
Have I played?Have we played?Have you played?Have you played?Has he / she / it played?Have they played?
Теріске шығару:
I have not playedWe have not playedYou have not playedYou have not playedHe / she / it has not playedThey have not played

Present Perfect қолдану жолдары

Present Perfect болған оқиғаның өзі ғана маңызға ие, ал оқиға болған уақыт және себептер маңызды болмаған жағдайда:
I have been to London - мен Лондонда болдым. Қашан болдым? Не үшін сол қалаға бардым деген сұрақтар қойылмаған. Оқиға болған уақыт маңызды болса және бұл уақыт аралығы аяқталса Past Simple ережесі қолданылады:
I went to Almaty last year - мен Алматыда өткен жылы болдым.
Оқиға баяғыда басталып, бірақ әлі күнге дейін аяқталмаса:
I’ve studied English since childhood - мен ағылшын тілін балалық шақтан бері үйреніп жатырмын