Get Mystery Box with random crypto!

Цифрлық медицина. Дейін және кейін. Осы бейнебаянды түсіруге | Damumed

Цифрлық медицина. Дейін және кейін.

Осы бейнебаянды түсіруге дайындық барысында біздің команда еліміздегі цифрландырудың «ДЕЙІНГІ» фрагменттерін түсіру мүмкін емес екенін түсінді.

Өмірлік жағдайларға қатысты барлық дерлік процестер цифрландырылған. Медициналық карталарға толған тосқауыл тіркеу орындары жойылды.

Біз көрші елге барып, сол жерде түсіруге шешім қабылдадық. Және де, «Кейінгі» жағдайды түсіру үшін емхананы ұзақ іздеген жоқпыз. Біз жақын маңдағы клиникаға жаяу барып, қажетті кадрларды түсіріп алдық.

Енді күрделі жағы туралы бірер сөз. Цифрландыру медициналық көмек көрсетудің барлық процестеріне әсер етеді, ең бастысы оның сапасын арттырады. Біз мақтан тұтатын өнімдердің бірі – пациенттің қосымшасы, соның арқасында дәрігерге онлайн-режимінде жазылуға болады, зертханалық зерттеулердің нәтижелері смартфонда көрінетін болғандықтан, оларды алу үшін медициналық ұйымға қайта барудың қажеті жоқ. Бұл пациенттің уақытын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар кезекті азайтады.