Get Mystery Box with random crypto!

«Damumed» басқарма төрағасы Наталья Киль Қазақстандағы телемед | Damumed

«Damumed» басқарма төрағасы Наталья Киль Қазақстандағы телемедицина және электрондық денсаулық сақтау бойынша бірінші халықаралық салалық форумда сөз сөйлейді.

Телемедфорум - бұл заманауи телемедицина технологияларын қолдану үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылауға, мемлекеттің, бизнес және ғылыми қоғамдастықтың телемедицина технологиялары саласындағы сындарлы шешімдерді бірлесіп іздестіруге арналған беделді пікірталас алаңы.

Форумның мақсаттары:
Мемлекет, ғылым мен бизнес арасындағы инновациялық әріптестіктің мүмкіндіктерін кеңейту;
Ынтымақтастықтың стратегиялық міндеттерін ашу;
Телемедицина инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды бірлесіп іске асыруға кәсіпорындар мен жеке инвесторларды барынша тарту тәсілдерін табу.

Іс-шара ертең, 13 мамырда Hilton Astana қонақ үйінде өтеді.

Егер сіз медицина саласындағы жаңа технологиялар туралы бірінші болып білгіңіз келсе, telemedforum.kz сайтында қатысуға өтінім қалдырыңыз. Оффлайн және онлайн форматта қатысу мүмкіндігі бар.