Get Mystery Box with random crypto!

Damumed қосымшасына тіркелу үшін: «Кіру» және «Тіркелу» бат | Damumed

Damumed қосымшасына тіркелу үшін:

«Кіру» және «Тіркелу» батырмаларын басыңыз;
Қажетті өрістерді толтырыңыз, кодты сұраңыз, оны енгізіңіз;
Тілді таңдап, «Тіркелу» батырмасын шертіңіз.

Бастапқы тіркелуді аяқтағаннан кейін сізге қосымшаның кейбір мүмкіндіктері ғана қолжетімді болады.

Барлық функционалдылықты пайдалану үшін профильді растау қажет. Алгоритм келесідей:

Аккаунтқа өзіңіздің логиніңіз бен құпиясөз арқылы кіріңіз;
«Басқа» бөлімін ашыңыз;
«Профиль» түймесін және экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы тегершік белгішесін түртіңіз;
«Профильді растау» опциясын таңдаңыз.

Егер профиль расталмаса, не істеу керектігін бейне нұсқаулықтан қараңыз.

Құрметпен, Damumed