Get Mystery Box with random crypto!

Біз ұсынатын цифрлық шешімдер дәрігерлерге медициналық көмекті | Damumed

Біз ұсынатын цифрлық шешімдер дәрігерлерге медициналық көмектің сапасын жақсартуға және бұрын әкімшілік тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт пен ресурстарды қысқартуға көмектесетініне шынымен қуаныштымыз.

Сіздердің пікірлеріңіз біздің тәжірибемізге құнды үлес болады. Сеніміңізге рахмет!

Бүгінде хроникамыз Қаратөбе аудандық ауруханасының дәрігер-статистигі Қадыржан Мөлдір Қадыржанқызының жағымды пікірімен толықты.

«Мен «Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да​ дәрігер-статистик болып жұмыс істеймін.

3 жылдан астам біздің дәрігерлер​ ​«Damumed» медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді. Бұл жүйе біздің дәрігерлеріміз үшін қолайлы. Барлық процестер цифрландырылған, журналдарды жүргізбейміз, электронды жүйеде жұмыс істеуге үйреніп қалдық.

Науқастарды қабылдауға жазу, зертханаға тапсырыс беру, талдау нәтижелерін алу, қабылдау бөлімінде​ науқасты қабылдау — мұның барлығын электронды түрде жасаймыз.

​«Damumed» медициналық ақпараттық жүйесі, ең алдымен, медициналық көмектің сапасын арттыру, бұл процестерді ашық ету, дәрігерлердің жұмысын жеңілдету, дәрігерлер мен емханалар арасында ақпарат алмасу, ұзақ жылдар бойы қағазбастылық​ мәселелерін шешу үшін мүмкіндік берді.

Барлық аяқталған зерттеулер ұзақ мерзімді сақтау үшін серверлерге жүктеледі, осылайша дәрігерге жазылу кезінде пациенттің зерттеулері сақталады. Сондай-ақ пациенттер өздерінің медициналық жазбаларында болып жатқан барлық нәрсені көреді, бұл да жақсы.»