Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық электрондық денсаулық паспортын қалыптастыру — бұл бір | Damumed

Ұлттық электрондық денсаулық паспортын қалыптастыру — бұл біріншіден, мемлекеттің азаматтарға деген қамқорлығы. Осылайша, мемлекет медициналық ұйымдар пайдаланатын медициналық ақпараттық жүйелерге қарамастан, әрбір азаматтың деректерінің сақталуына және әрбір адамның өз деректерін көруге және жақын болашақта басқару мүмкіндігіне кепілдік береді.

Ақпараттандыру туралы заңына сәйкес, деректерді құрған медициналық ұйым осы деректердің меншік иесі. Денсаулық сақтау кодексі бойынша пациент — деректердің иесі. Мемлекет әрбір азаматтың алдындағы міндеттемесін орындай алуы үшін, барлық медициналық ұйымдар Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес дербес медициналық деректерді Ұлттық ЭДП-ға беруге міндетті. Сондықтан да, Damumed, медициналық ұйымдар пайдаланатын Медициналық ақпараттық жүйе ретінде, Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша деректерді берді.

Деректердің сақталуына алаңдамауыңызға болады. Олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді.