Get Mystery Box with random crypto!

Damumed өзінің цифрлық медициналық өнімдері — МАЖ, дәрігердің | Damumed

Damumed өзінің цифрлық медициналық өнімдері — МАЖ, дәрігердің қосымшасы және пациенттің қосымшасы — бойынша ауқымды тұсаукесер өткізді.

Залдағы қонақтар арасында Денсаулық сақтау министрлігінің, телемедицина қауымдастығының өкілдері, клиникалардың бас дәрігерлері, дәрігерлер мен денсаулық сақтау менеджерлері болды. Іс-шараға қатысқан қонақтардан басқа, ZOOM арқылы онлайн режимінде 200-ден астам көрермен презентацияны тамашалады.

Презентацияның маңызды сәттерінің бірі — клиникаларда қаржыны бақылауды жеңілдететін модульдің іске қосылуы анонсы. Бұл модуль МӘМС/ТМККК шарттарын және олар бойынша орындалуын қарауға мүмкіндік береді, лоттар мен қызметтер бойынша ай сайынғы бөлу бар.

Пациенттің қосымшасындағы жаңалық та көрсетілді. Енді «МӘМС/ТМККК пакеті» батырмасы бойынша пациент өзінің сақтандыру мәртебесіне және диспансерлік есепке сәйкес қандай медициналық қызметтер қолжетімді, қайсысы қолжетімсіз екенін көре алады. Пациентті қабылдаудан бұрын оның жағдайы туралы алдын ала сұраудың жаңа мүмкіндігі үлкен қызығушылық тудырды. Мұндай мүмкіндік жақын арада емханаларда мейіргер пациентті қабылдауға дайындау үшін қолжетімді болады.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Жағдаяттық орталықтардың жұмысымен танысты. Олар туралы онлайн режимде Қарағанды облысының Жағдаяттық орталығының басшысы Евгений Щербов айтып берді. Ол жоспарлар туралы айтып, Damumed-тің осы бағыттың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында «ДАМУ» АТО ЖШС Басқарма төрағасы Наталья Киль медициналық қоғамдастық пен IT-мамандарды коллаборацияға шақырды. Damumed ақылды, пайдалы медициналық цифрлық құралдарды жасауға және дамытуға көмектесетін медициналық сарапшыларды, оның ішінде ақылы негізде де, белсенді түрде шақыруға дайын.