Get Mystery Box with random crypto!

Қай жерден арзан дәрі табуға болады? Damumed қосымшасында! | Damumed

Қай жерден арзан дәрі табуға болады?

Damumed қосымшасында!

Сондай-ақ, сіз қажетті әсер етуші затты қамтитын дәрі аналогын іздеу функциясын қолданып, мынаны біле аласыз:
Ең жақын орналасқан дәріхана;
Қай дәріхана қазір ашық тұр;
Дәріханадағы баға.

Бұл үшін іздеу жолына препараттың немесе әсер етуші заттың атауын теріп, оның дәрілік түрін таңдаңыз: таблетка, капсула, суспензия және т.б. Бұдан соң осы препараттың болуы туралы ақпаратты және әр препарат үшін баға ауқымы берілген дәріханалар тізімін көруге болады. Бұл мүмкіндік сізге дәрілер ассортиментін қарап шығып және баға мен дәріхана тұрған жердің оңтайлы үйлесімін таңдауға көмектеседі.

Ең жақын дәріхананы табу үшін «Менің жанымда» батырмасын басыңыз. Ал олардың қайсысында дәл қазір дәріні сатып алуға болатынын білу үшін «Ашық» батырмасын түртіңіз. Екі батырма да тура іздеу жолының астында орналасқан.

Дәрігерлер электронды рецептілерді жиі қолданатын болды, сондықтан рецепті бойынша дәрі іздеу функциясын көпшілік қолданады. Егер сізде электронды рецепт бар болса, онда сіз 2-3 рет шертіп қажетті препарат пен бағасы тиімді аналогтары бар дәріхананы таба аласыз.

Дәрілердің көбісін ішу және тағайындалған препаратты аналогқа алмастыру туралы емдеуші дәрігермен келісу маңызды екенін естен шығармаңыз.