Get Mystery Box with random crypto!

Damumed қосымшасын пайдаланушылар сақтандыру мәртебесін тексер | Damumed

Damumed қосымшасын пайдаланушылар сақтандыру мәртебесін тексеріп қана қоймай, сонымен бірге өздерінің МӘМС аударымдарын бақылай алады

Ай сайынғы төлемдердің болуы не болмауы туралы ақпаратты былай көруге болады:
Қосымшаның басты бетінде «Сақтандырылған» батырмасын басыңыз;
Ашылған терезеде «МӘМС төлемдері» опциясын таңдаңыз.

Бұл модульдегі ақпарат ағымдағы ай мен алдыңғы 12 айды қамтиды. Егер сізде сақтандыру мәртебесі немесе қосымшадағы ақпараттың дұрыстығы туралы қосымша сұрақтар пайда болса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 телефон нөмірі бойынша хабарласуды ұсынамыз.

Damumed ақпараттық жүйелердің көбісімен, оның ішінде ӘМСҚ-ның «Saqtandyry» АЖ-мен біріктірілгенін айта кетейік. «МӘМС төлемдері» бөліміндегі ақпарат «Saqtandyry» АЖ-мен жасалған.

Құрметпен, Damumed командасы