Get Mystery Box with random crypto!

Балалардың жыл сайынғы скринингтері жалғасып жатыр Мектеп а | Damumed

Балалардың жыл сайынғы скринингтері жалғасып жатыр

Мектеп алды мекемелерінің тәрбиеленушілерін, оқушыларды, арнайы орта оқу орындары мен 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарында дәрігерлер командасы тексеріп қарайды. Профилактикалық тексеріп-қарау туралы ата-аналар біле бермеуі мүмкін.

Сондықтан, қосымшада сіз білмейтін қабылдау немесе зерттеу нәтижесін байқаған кезде, алдымен өз балаңызбен сөйлесіңіз. Мүмкін дәрігерлер оқу мекемесіне барған, бірақ сізді бұл туралы хабардар етпеген болуы мүмкін.

Егер скрининг фактісі расталмаса, сіз келесі тәсілмен пікір қалдыруыңызға болады:
Сізге керек жазбаны таңдаңыз;
«Пікір қалдыру» батырмасын басыңыз;
Ашылған терезеде пікір түрін таңдап, «Сақтау» батырмасын шертіңіз.

Сіздің пікіріңіз емханаға түседі. Өтінімге жауап келмеген жағдайда, сіз өз емханаңыздың тіркеу бөліміне тікелей хабарласуыңызға болады.

Құрметпен, Damumed командасы