Get Mystery Box with random crypto!

Damumed медицинаны жақынырақ және қолжетімді етеді Біздің б | Damumed

Damumed медицинаны жақынырақ және қолжетімді етеді

Біздің барлық цифрлық өнімдеріміздің мақсаты – жеңілдету: дәрігерлердің қиын жұмысын, пациенттердің денсаулықтың қамын ойлауын. Бұл мақсатқа сәтті қол жеткізудің көрсеткіші – сіздердің оң пікірлеріңіз.

Назарларыңызға «Егемен Қазақстан» мақаласынан үзінді ұсынамыз:

«Ақмола облысындағы Қосшы қала­сының «Жанұя» емханасының мейір­бикесі Риза Сүлейменова керісінше дәрігер мен пациентті байланыстыратын жаңа цифр­лы платформаның енгізілгенін, медициналық тіркеушілер бұ­рын тау-тау журналдармен жұ­мыс істесе, қазіргі жұмыстың «Damumed» бағдарламасымен әлде­қайда жеңілдегенін айтады.

– Google Play немесе AppStore-дан «Damumed» қосымшасын жүктеуге болады. Қосымша арқылы әркім өзіне қолайлы уақытта учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігіне ие болады. Кейбір телефон тілін білмейтіндер тіркеу бөлімі арқылы жазылады. Кейде кейбір үлкен кісілер өз уақытымен келмей бағдарлама арқылы жа­зылған пациенттердің орнына кіріп, кезекті көбейтіп жатады. Біз оларға аталған бағдарламаны үйретеміз. Көбісі қуанып, алғысын айтады. Ал ауырып тұрған адамдар бізде емхананың сыртында фильтр кабинетіне қарала алады. Ал басқа да мәселемен келгендер кезекші дәрігер арқылы арасында бос уақытта дәрігерге кіре алады, – деді Риза Жұмабекқызы.»