Get Mystery Box with random crypto!

Сіздің Damumed-тегі аккаунтыңыз екі факторлы аутентификациямен | Damumed

Сіздің Damumed-тегі аккаунтыңыз екі факторлы аутентификациямен сенімді қорғалған

Екі факторлы аутентификация – сіздің аккаунтыңызды басқа адам пайдалана алмайтындығына кепілдік.

Damumed-те аутентификация әдепкі бойынша қосылған, және егер сіз телефонды өзгертсеңіз немесе қосымшаны қайта орнатсаңыз, профиліңізде негізгі контакт ретінде көрсетілген контактіге 6-таңбалы код келеді. Жеке басыңызды растау үшін қосымшада ашылған терезеге осы 6-таңбалы кодты енгізу қажет.

Кодты алудың өзіңізге ыңғайлы тәсілді алдын-ала таңдаңыз:
«Басқа» қойындысып ашып;
«Профиль» батырмасын таңдап;
«Контактілер» бөлімінде қалаған пошта/нөмірдің жанындағы жұлдызша символын басыңыз.

Құрметпен, Damumed командасы