Get Mystery Box with random crypto!

Неліктен кейбір талдаулар медкартада көрсетілмейді? Талдау | Damumed

Неліктен кейбір талдаулар медкартада көрсетілмейді?

Талдау нәтижесі бланкінде құпия қызметтер бар, осы қызметтер бойынша талдау нәтижелері Damumed мобильді қосымшасында көрсетілмейді. Оларды тек қарау құқығы бар емдеуші дәрігерден алуға болады. Мұндай шектеу пациенттің талдау нәтижесін дұрыс түсінбеуі немесе үшінші тұлғалардың қолына түсуіне байланысты қойылған.

Егер сіз алған қызмет құпия тізбесіне енбейтін болса, алайда қосымшада нәтижесі әлі де шықпаса, емханаға хабарласуды ұсынамыз. Алынған қызметтер туралы барлық деректер медициналық қызметкерлер оларды толтырғаннан кейін қосымшада көрінеді.

Құрметпен, Damumed командасы