Get Mystery Box with random crypto!

Damumed қосымшасында дәрілерді қалай іздеуге болады? Жақынд | Damumed

Damumed қосымшасында дәрілерді қалай іздеуге болады?

Жақындағы жаңартудан кейін дәрілерді іздеу алгоритмі біршама өзгерді. Сіздерді солармен таныстырып өтейік!

Басты бетте «Ақпараттық қызметтер» қойындысын басыңыз;
«Дәріханалар» батырмасын таңдаңыз;
Іздеу жолында сізге керек дәрінің атын теріңіз.

Енді іздеуді толық баптау үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышында құйғыс (воронка) таңбасын басыңыз. Ашылған терезеде сізге дәрі санатын (дәрілер, БАҚ, шайлар және т.б.) және «Ел бойынша іздеу» опциясы қолжетімді болады.

Қымбатты пайдаланушылар, қосымша интерфейсін артық элементтермен толтырмау үшін түрлі ақпаратты біріктіретін «Ақпараттық қызметтер» қойындысын әзірледік.

Құрметпен, сіздің Damumed