Get Mystery Box with random crypto!

Достар, Damumed қосымшасының интерфейсі жаңартылды. Біз сіздер | Damumed

Достар, Damumed қосымшасының интерфейсі жаңартылды. Біз сіздердің өміріңізді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге сіздерге қолжетімді медициналық қызметтер туралы хабарлауға тырысамыз

Қосымшаның басты бетінде сіздің сақтандырылу мәртебеңіз туралы ақпарат беретін, сізге қолжетімді пакеттер қызметіне сәйкес тар бейінді мамандарға жазылу мүмкіндігін беретін, сондай-ақ сізге берілген жолдамаларды көрсететін батырма пайда болды.

Егер сіз медициналық сақтандырылған болсаңыз, сізде «Сақтандырылған» батырмасы көрінеді.

Егер сақтандырылмаған болсаңыз, «Кепілдендірілген көлем» батырмасы көрініп тұрады.

Осы батырманы басқан кезде сізге қолжетімді тар бейінді мамандар мен олар көрсететін қызметтер тізімі көрінеді.

Достар, біз сіздердің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды жаңа және ыңғайлы фунциялар ретінде іске асырып өз өнімдерімізді жетілдіреміз.

Егер сіздерде техникалық сипаттағы сұрақтар туындаса мына телефон нөмірлері бойынша қолдау көрсету қызметіне: +7 775 007 03 50, + 7 708 007 03 50, + 7 777 007 03 50, немесе мына сілтеме бойынша Telegram-бот арқылы хабарласыңыздар: t.me/Damumed_bot

Құрметпен, Damumed