Get Mystery Box with random crypto!

Елена Жунусова – Семей қаласы, №2 емхана ЖПД дәрігерінен пікір | Damumed

Елена Жунусова – Семей қаласы, №2 емхана ЖПД дәрігерінен пікір

"Ең бастысы МАЖ интерфейсі интуитивті түсінікті, пациент туралы керекті деректерді табу үшін нені басу керек екенін табу оңай. Damumed-пен медициналық көмек көрсету неғұрлым ашық болды. Біздің басшылық пен тексеруші органдар біздің жүктемені көре алады – қабылдаулар саны, шақырулар т.б.

Пациенттер өздерінің медкарталарында болып жатқан жағдайды көреді, бұл да ыңғайлы. Менде мынадай бір оқиға болды, пациент не менімен не менің мейіргерлеріммен хабарласпады. Мен актив жасап, пациент байланысқа шықпағаны туралы мәтінге жаздым. Пациент оны байқап қалып өзі қоңырау шалды. Сіздің қосымшаңыздың арқасында пациент маған хабарласып, өзіне қажетті барлық тексеруден өтті. Бұл мен үшін, дәрігер ретінде, үлкен плюс.

Маған «Емхана» қосымшасы өте ұнайды. Тез арада қызметі жетілдіріледі деп сенемін. Компьютер әрдайым қолжетімді болмайды, сондықтан шақыруларды телефон арқылы жабу мүмкіндігі болғанын қалаймын. Бәріміз түнде телефон қарап отырамыз. Сондықтан жай әлеуметтік желіде уақыт жоғалтқанша 10-12 шақыруды жапқан артық емес пе, солай ғой?"