Get Mystery Box with random crypto!

Damumed «MedTech Hackaton» медициналық технологиялар конкурсын | Damumed

Damumed «MedTech Hackaton» медициналық технологиялар конкурсының серіктесі болды

Жаңадан бастап жүрген және тәжірибелі ІТ-мамандар, ІТ және медицина мамандықтарының студенттері, медиктер өз жобаларын қазылар алқасына ұсынды.

«Садыхан» ЖШС дәріханалар желісімен бірлесіп біз 4 үздік жобаны айқындадық, Қарағанды облысы әкімдігі жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар тапсырды. Бұл сертификаттар қатысушыларға жұмысын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беріп, әрі қарай дамуына бастапқы инвестиция болады.

Жеңімпаз қатарына кірмеген, бірақ өзін тартымды және қызықты көрсеткен қатысушыларға бренд өнімі түріндегі арнайы сыйлық иеленді. Біз жас жобаларға қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз және осындай пайдалы бастаманы жүзеге асыруға қатысқанымызға қуаныштымыз.

Байқау қатысушыларына бір ғана тілегіміз бар. Ақ жол, достар!

*Хакатон - жаңа ІТ-жобаларды құру мақсатында әзірлеушілер үшін ұйымдастырылған жарыс. Іс-шара Қарағандыда «Терриконовая долина» ІТ-хабының акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар аясында өтті