Get Mystery Box with random crypto!

Өз медициналық файлдарыңызды бір-екі шерту арқылы медкартаға т | Damumed

Өз медициналық файлдарыңызды бір-екі шерту арқылы медкартаға тіркеңіз

Тіркелген файлдар әрдайым қол астыңызда болуымен қатар, сондай-ақ электрондық денсаулық паспортында сіздің емдеуші дәрігеріңіз үшін қолжетімді болады.

Қандай файлдарды тіркеуге болады?
УДЗ;
Рентген;
КТ, МРТ;
ЭКГ;
Холтер;
Қан, несеп, нәжіс талдамалары;
Гистология;
Шығару үзінділері/эпикриздер;
Анықтамалар және т.б.

Іс-қимыл алгоритмі:
1. «Медкартаны» ашыңыз;
2. «Файлдар» бөлімін таңдаңыз;
3. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы қосу белгісін басыңыз;
4. Файл түрі мен файлдың өзін таңдаңыз;
5. Жіберіңіз.

Құрметпен, Damumed