Get Mystery Box with random crypto!

Damumed деген не, оны қайдан жүктеп алуға болады және оны қала | Damumed

Damumed деген не, оны қайдан жүктеп алуға болады және оны қалай пайдалануға болады – біз бұл туралы егде адамдарды үйретуді “Digital Literacy Club” ұйымдастырған іс-шарасында айттық

Бұл қарт адамдарды цифрлық сауаттылыққа үйрететін үш жас астаналық жасөспірімнің қайырымдылық жобасы. Малика Адазбаева, Камила Даутова және Әйгерім Сатимова өздері мектеп оқушылары болғанымен, осы бастан біздің қоғамның әлеуметтік өсуіне өз үлестерін қосып жатыр. Олар заманнан қалмай өмір сүргісі келетін ата-әжелер үшін тегін клуб ашты.
 
"Гаджеттерді пайдалану қаншалықты қиын екенін өз ата-әжелеріміздің мысалынан көрдік. Бұл көптеген егде адамдардың мәселесі. Осылайша оларға өмірді жеңілдететін цифрлық білім беру идеясы пайда болды", - деп түсіндіреді қыздар.

Бұл Damumed-тің осы жобаға екінші қатысуы және болашақта да қатысамыз деп үміттенеміз. Мұндай игі бастамаларды біздің компания әрдайым қолдап ат салысады