Get Mystery Box with random crypto!

Біздің жүйеде жұмыс істеуге үйрету – тегін Құрметті дәрігер | Damumed

Біздің жүйеде жұмыс істеуге үйрету – тегін

Құрметті дәрігерлер, Damumed-те компания өнімдерімен жұмыс істеу туралы білімді жинақтау және таратумен байланысты міндеттерді орындайтын Құзырет орталығы бар.

Бір жылдан астам уақыт ішінде біздің мамандар:
Онлайн-вебинарлар мен семинарларда функционалды түсіндіреді және көрсетеді;
Оқыту бейне-роликтерін, нұсқаулықтар мен подкасттарды әзірлейді;
Damumed жүйесінің жаңа нұсқалары үшін жаңартулардың сипаттамаларын дайындайды.

Сіз жұмыс орныңызда отырып-ақ және өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта тегін онлайн оқу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Оқыту сұрақтары бойынша мына арналарға хабарласуыңызды сұраймыз:

+7 702 337 78 73 және +7 775 494 4756 телефондарына қоңырау шалу;
support@cit-damu.kz мекенжайы бойынша өтінім қалдыру;
@Damumed_bot телеграм боты арқылы хабарласу.