Get Mystery Box with random crypto!

ЖРВИ – ересектерде де балаларда да ең көп таралған инфекциялық | Damumed

ЖРВИ – ересектерде де балаларда да ең көп таралған инфекциялық аурулардың бірі.

Жіті – кенеттен басталып, респираторлық – негізінен жоғары тыныс алу жолдарын зақымдап, вирусты – инфекция көзі вирустар болғандықтан осылай аталады.

Балалар бақшасына немесе мектепке баратын балалар осы вирустық инфекциямен жылына 10 рет ауруы мүмкін.

Достар, ЖРВИ көбеюіне байланысты Damumed қосымшасындағы кестелерде терапевт қабылдауына бос уақыт болмауы мүмкін екендігін ескерткіміз келеді. Бұл техникалық мәселе емес. Мемлекеттік емханаларда дәрігерлер жетіспейді. Дене қызуы жоғары және қатты ауырсыну болған кезде дереу жедел жәрдем шақырып, кезекші дәрігерге немесе фильтр кабинетіне жүгіну қажет, себебі жалпы практика дәрігері негізінен жоспарлы қабылдау жүргізеді.

Карусельде сіз Damumed медициналық сарапшылар қызметінің маманы Динара Муканованың пайдалы кеңестерін таба аласыз.

Құрметпен, Damumed командасы