Get Mystery Box with random crypto!

Сіз ЖОЛДАМАСЫЗ келесі тар ауқымды мамандарға жазыла аласыз: | Damumed

Сіз ЖОЛДАМАСЫЗ келесі тар ауқымды мамандарға жазыла аласыз:

Тіркелген емханаңыздағы акушер-гинеколог пен психологқа;

Егер сіз жарақат алсаңыз немесе оның салдары болса, хирург, травматолог-ортопед, ЛОР-дәрігерге;

Егер сіз диспансерлік есепте тұрсаңыз, онда диспансерлік есепте тұрған емханадағы өзіңіздің бейінді маманыңызға;

Жүкті әйелдер мен балалар басқа медициналық ұйымдарға дерматовенерологқа немесе стоматологқа жазыла алады.

Басқа барлық жағдайда жолдама болуы керек. Жолдама болғанда тар ауқымды маманға өзіңіз жазыла аласыз.

Ол үшін:
"Қабылдауға жазылу" ---> "Жолдама бойынша" басу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, біз құқыққа сәйкес қызмет етеміз және қолданыстағы НҚА қолданамыз.

Құрметпен, Damumed