Get Mystery Box with random crypto!

Азия Даму Банкінен келген қонақтар денсаулық сақтау саласындағ | Damumed

Азия Даму Банкінен келген қонақтар денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды зерттеу үшін Нұр-Сұлтанға келді.

Орталық және Батыс Азия департаментінің маманы Кирти Рамеш және АДБ-нің Қазақстандағы жобаларын үйлестіруші Кенжехан Абуов «Astana Hub» IT-стартаптар технопаркіне барды. Мұнда, денсаулық сақтаудың АКТ саласында 18 жыл жұмыс істеп жатқан Damumed қонақтарға өз цифрлық экожүйесін таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша шетел сарапшысы компания ұсынған медициналық цифрлық сервистерге жоғары баға берді.

*Естеріңізге сала кетейік — Азия Даму банкі 1996 жылы құрылған. Оның басты міндеті: Азия мен Қиыр Шығысқа тікелей қарыздар жіберіп және техникалық қолдау көрсетіп, осы өңірлердің экономиканың өсуін ынталандыру.