Get Mystery Box with random crypto!

Жақында Бағдат Мусин берген сұхбат жарияланды, онда ол цифрлық | Damumed

Жақында Бағдат Мусин берген сұхбат жарияланды, онда ол цифрлық трансформация әсер ететін өмір салалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді (материалға сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/404726?lang=ru)

Өз кезегімізде біз, денсаулық сақтаудағы IT-нарығының белсенді қатысушыларының бірі ретінде, деректердің эталондық моделі және олардың өмірлік циклін басқару қағидалары саланың цифрлық экожүйесінің іргетасы деп есептейміз.

Денсаулық сақтау саласының барлық субъектілерінің қанағаттануына қол жеткізу маңызды және күрделі міндет – оны процестің барлық қатысушыларының бірлескен жұмысы арқылы ғана шешуге болады. Біз Министр Бағдат Мусиннің «әр адамның бұрын-соңды тапсырған барлық талдамалары смартфонда болуы керек» деген сөзімен келісеміз және осы мақсатқа жету үшін барлық тәжірибемізді мен білімімізді қолдануға дайынбыз.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі, барлық облыстардың денсаулық сақтау басқармаларымен қатар, медициналық ұйымдардың өкілдері - дәрігерлер де зор жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн.

Мысалы, біздің мобильді қосымша арқылы 2021 жылы дәрігерлердің қабылдауына 1,3 млн азамат жазылып қабылдауда болса, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл сан 891 мыңға жетті (анықтама үшін – 6 млн-нан астам азамат 20 цифрлық медициналық қызметті қолдана алады).

Damumed – медицинаны жақынырақ және қолжетімді етеміз