Get Mystery Box with random crypto!

Достар, қосымшадағы өздігінен жазылу кестелерін тек сіздердің | Damumed

Достар, қосымшадағы өздігінен жазылу кестелерін тек сіздердің емхана орналастырады.

Damumed, ІТ-компания бола тұра, медициналық ұйымдарға софт – бағдарламалық жасақтама ұсынады. Мобильді қосымшадағы барлық ақпарат медициналық құжаттамадан тартылады.

Кейде кестелер болмауы мүмкін. Оның бір себебі – емханада дәрігерлердің жетіспеушілігі. Жүктеме шамадан тыс болғанда емханалар қосымшадағы кестелерді жауып тастайды.

Сізге ыңғайлы болуы үшін қабылдауға жазылу екі тәсілмен жүргізілетінін айта кетейік: қосымша және тіркеу бөлімі арқылы.

Біздің компанияда тәуліктік пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді, ол пайдаланушылардың сұранысы бойынша емхана әкімшілігімен хабарласып мәселені бірлесіп шеше алады

Пациенттерді қолдау қызметіне +7 775 007 03 50 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Құрметпен, Damumed