Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін біз Халықаралық клиникалық репродуктология орталығына ба | Damumed

Бүгін біз Халықаралық клиникалық репродуктология орталығына бардық.

«Даму» АТО» ЖШС басқарма төрайымы Наталья Киль және біздің аналитик Гүлден Негматуллина осы клиника дәрігерлерімен репродуктивті денсаулық саласындағы жаңа цифрлық шешімдерді талқылау үшін кездесуге келді.

Айта кетейік, медициналық ұйым қазірдің өзінде Damumed медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді, бірақ функционалын, атап айтқанда ЭКҰ процедурасы бойынша модульді кеңейтуді қалайды. Бұл күрделі, жоғары технологиялық процесс, оның әр кезеңі бірнеше рет бақылаудан өтуі керек. Нәтижесінде – ана бақыты, дүниеге жаңа жанның келу ғажайыбы орын алады.

Біз үшін бұл жаңа тәжірибе. Сондықтан мұндай ынтымақтастық бізге осы керемет клиниканың дамуымен бірге жақсаруға мүмкіндік береді.

Дәрігерлерге жылы ниеті, сыйлығы және тілектері үшін алғыс айтамыз!