Get Mystery Box with random crypto!

Денсаулық – басты құндылық, әсіресе қадірлі жастағы адамдар үш | Damumed

Денсаулық – басты құндылық, әсіресе қадірлі жастағы адамдар үшін. Сондықтан Damumed қосымшасын еркін меңгеру дағдысы күнделікті өмірде қажет.

Осылайша, кеше біздің компанияның қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының М.Әуезов атындағы қалалық орталық кітапханасында зейнеткерлерге арналған интерактивті форматтағы оқытуды шын көңілмен өткізді.

Олар пациенттің қосымшасы қызметтері туралы айтып қана қоймай, қызметтерді пайдалануға көмектесті: кейбір оқушылар өздерінің учаскелік дәрігерлерінің қабылдауына сәтті жазылды.

Біз осындай жарқын оқиғаларға қатысқанымызға қуаныштымыз. Біздің пайдаланушыларға жақын болу мүмкіндігін ұсынған @connected_kz (Instagram) және @digitaliteracyclub (Instagram) алғыс білдіреміз