Get Mystery Box with random crypto!

Тілге келгенде бәріміз миссионер сезінуіміз керек. Себебі, қаз | ↝ dámelen

Тілге келгенде бәріміз миссионер сезінуіміз керек. Себебі, қазақ тілі сенен басқа ешкімге керек емес.

Орыстың да, испанның да, басқасының да сенің қазақ тіліңе түкіргені бар. Жоқ боп кетсе одан әрі дер.

Білдің бе, ол сенікі. Ол ұлттың ағып жатқан қаны. Ол сенің қаның, ол болмысың. Тіл ол - ұлт ретіндегі сен.

Орысша білу керек. Үйрен. Кітабын оқы. Біл. Ол керек.

Бірақ, орысша сөйлеу тренд емес екенін ұқ. Ол кез өтіп кетті. Енді бәрі басқаша. Қазақша әдемі сөйлей алу тренд.

Олар неге қазақша түсінбейді? Неге үйренгісі келмейді?

Себебі, қажеттілік жоқ. Қазақша білмегені үшін тым құрығанда бір жерде жетімдік көрмейді. Осыдан кейін олар не деп үйренеді?! Қай керегіме жарайды, қай жыртығымды жамар деп талпынады?

Сен барып қажетіңді қазақша сұра, інің барып қазақша сұрасын. Сосын барып көршің қазақша сұрасын. Тек мәдениетті түрде.


Қажеттілік деген осы. Клиент қазақша сөйлесе, ол өз наны үшін тырысады.

Ал сен неге қазақша сөйлеуің керек? Орысша да өмір сүре беруге болады ғой? Несіне қадіріңді кетіресің, орысша сұрай салған жеңіл ғой?

Өйткені сен қазақсы. Сен ұлтсың.

Солай, Джони