Get Mystery Box with random crypto!

Ресей өз Ұлттық қорын юаньға көшірді Ресейдің суверенді қоры | DALA INSIDE

Ресей өз Ұлттық қорын юаньға көшірді

Ресейдің суверенді қоры - Ұлттық әл-ауқат қоры деп аталады. Онда қазір 188 миллиард доллардың активтері бар. Ресей бүгіннен бастап барлық доллар/еуролық валюта номиналдарын юаньға ауыстыратын болды. Ереже бойынша, 2023 жылы (4-5 күннен кейін) - ұлттық қор түгел юаньда болуы тиіс.

Ресей осы арқылы қолда бар активтерін сақтап қалғысы келеді. Бірақ АҚШ пен Еуропаның диктатынан қашқысы келген олар басыбайлы Қытайға кіріптар болатыны анық. Енді Қытай Ресейдің бар-жиған тергенін блоктап қоюға іс жүзінде мүмкіндік алды. Және бұл ресми Бейжіңнің Мәскеумен кез-келген келіссөзінде ықпал ету құралына айналып шыға келмек.

Ұлттық қор Қазақстанда да бар. Ол толық доллармен номинацияланған. Оның активтерінің қазіргі көлемі 53 миллиард доллар шамасында.

https://t.me/dalainside