Get Mystery Box with random crypto!

Мемориал авторлары сыншыларға жауап қатты Алматыдағы «Тағзым» | Новости Казахстана

Мемориал авторлары сыншыларға жауап қатты

Алматыдағы «Тағзым» мемориалы жайлы әлеуметтік желіде сыни ақпарат желдей ескен еді. Ел тарихында ерекше маңызы бар ескерткіштің тұжырымдамасын кейбір азаматтар дұрыс түсінбеген сыңайлы. Мемориал авторлары Алексей Ивченко мен Ғайни Сағидуллаева ескерткіштің мазмұнын түсіндірді.

«Бейнежазба келтірілген деректер шындыққа жанаспайды. Ең әуелі, түсіріп тұрған адамның маман емес екенін айту керек. Кафель мен гранитті ажырата алмайды. Мемориал тек табиғи тастардан, яғни граниттен, мәрмәрдан, сланецтен жасалған. Сланецтен жасалған стелаларда оның буындарының сәйкес келмеуі қалыпты жағдай. Қайғы мен қасіретті меңзейтін бұл стелалар тегіс емес, солай жақпарлы түрде жасалған», – деді Алексей Ивженко.

Соған сәйкес, тастар арасындағы алшақтық қалыпты дүние. Бұл авторлық идея ретінде әдейі солай іске асқан. Ал оның әріптесі Гайни Сағидуллаеваның айтуынша, таза гранитен, яғни табиғи тастан жасалған плитка су тигенде, ауаның ылғалымен, суықта түсін өзгертіп отырады. Жоғары ылғалдылықта гранит түсінің басқаша көрінуі кір дегенді білдірмейді.

«Жердегі плиткалар арасындағы алшақтық та арнайы су ағатын арна ретінде жасалынған. Бұл «щель» емес, жаңбырдың, еріген қардың суы ағып кететін жер. Кез-келген құрылысшы, сәулетші қыс кезінде жасалған ескерткіште сызаттың, жарықшақтың болатынын біледі. Авторлық бұл жоба біздің бақылауымызда, кепілдік міндеттеме бойынша кемшіліктер жөнделеді. Қазір кей плита ауыстырылды, қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді мамандар.