Get Mystery Box with random crypto!

Сақтандыру жарналарын төлеу қалай жүзеге асады? • Бүгін Мәжілі | Новости Казахстана

Сақтандыру жарналарын төлеу қалай жүзеге асады?
• Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ол бойынша Денсаулық сақтау министрі баяндама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев баяндамашыға сақтандыру жарналарына қатысты сұрақ қойды.
• «Заң жобасында 2025 жылдан бастап медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жарналары денсаулық сақтау субъектісі мен медицина қызметкерлерінің арасындағы тең үлеспен жүзеге асырылады делінген. Яғни, жарнаның 50 пайызын медицина қызметкерлері төлейтін болады. Алайда заң жодасында жарналардың қалай енгілетіні нақты жазылмаған. Осыған байланысты медицина қызметкерлерінің жарналарды төлеуі қалай жүзеге асады және олар жарна төлеуден бас тартса, денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатып тастамай ма?» – деді депутат.