Get Mystery Box with random crypto!

НҰРЛЫ ДАҒУАТ | DAGUAT KZ

Telegram арнасының логотипі daguatkz — НҰРЛЫ ДАҒУАТ | DAGUAT KZ Н
Telegram арнасының логотипі daguatkz — НҰРЛЫ ДАҒУАТ | DAGUAT KZ
Арна мекенжайы: @daguatkz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 8.71K

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-06-11 06:58:21 2. "Әл-Әзкар" / Имам Науауи - Ұстаз Ерсін Әміре
1.1K views03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 06:56:53 "Әл-Әзкар" (кіріспе) / Имам Науауи - Ұстаз Ерсін Әміре
1.1K views03:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 19:31:57 Ерте ме, кеш пе барлық адам құқықтары толық қорғалатын демократиялық мемлекетке, бір-біріне толеранттық таныта алатын қоғамға айналуымыз керек. Зайырлық бұл дінсіздік емес. Қазір бізде заң бойынша мемлекеттік қызметтегі кісі жұмыс орнында намаз оқи алмайды. Темекі шегуге мүмкіншілік беріледі де, ал намазға рұқсат жоқ. Бұл жеке адамның құқығы мен наным-сенім бостандығын көпекөрнеу шектеу. Өз елінің патриоты, мықты маман мемлекеттік қызметке тұрамын десе, намазы кедергі. Жеке наным-сенімі мен мемлекеттік қызмет арасында таңдау жасатып қойған заңды әлбетте демократиялық дей алмаймыз.

Бірақ намаз оқитын кісі мемлекеттік мекемелерде қарамағындағыларға уағызын тықпаласа, немесе дінді тікелей мемлекет ісіне араластыра бастаса, бұл да зайырлыққа қайшы. Ал осылардың әрқайсысының шекарасын сызып, құқығын қорғайтын заң. Құқықтың үстемдігі болмақ.

Орамал бойынша да солай. Меніңше, жоғарғы сыныптағы қыздардың басын жауып жүруіне рұқсат беріп, жастарына сай жарасымды етіп, заманауи, арнайы бас киім үлгісін бекіту керек. (Міндетті түрде орамал болуы шарт емес. Дизайнерлеріміз біраз бас қатырсын)

Сосын әлеуметтік желіде жиі айтылып жүрген “қазақта тұрмысқа шыққанға дейін қыз баласы орамал тақпаған” деген аргумент орынсыз деп ойлаймын. Дәл осы принципті негізге алар болсақ, күйеуге шыққан қанша келін үйде де, түзде де орамалын басынан тастамай тағып жүр? Қанша әйел кісі кимешегін киіп жүр? Тарихта қыз баласының орамал тақпауының әлеуметтік өзіндік себептері бар болғаны түсінікті мәселе. Қазір заман өзгерді. Қазақта болмаған талай дүниені еш қымсынбастан жасап жүрміз. Ал басқаларға жүре бермейтін талапты неліктен дінге бет бұрғандардан ғана талап етіп отырмыз?

Ауғанстанға ұқсамаудың жалғыз жолы қыздарымыздың орамал тағып-тақпауында болмаса керек. Америка мен европаның көптеген елдерінде мектепте орамал тағуға рұқсат. Олардың қирап қалған ештемесі жоқ.
Мәселе санада. Дұрыс сыни ойлау мен ішкі құндылықтардың қалыптасуында, тұтастай мемлекетті алға сүйрейтін жүйенің жұмыс істеуінде, құқықтың үстемдігі болмақ.
Орамал мәселесі дұрыс шешілгенге дейін әлі талай алдымыздан шығып, әлі талай басымызды ауыртатыны анық.

Қайрат Жолдыбайұлы
793 views16:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 16:03:43
414 views13:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 11:00:06

882 views08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 06:00:03
658 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 06:00:03 Жұма күні мұсылманның жасар ең жақсы амалы — садақа беру болып табылады. Мұсылманды сипаттайтын ең жақсы қасиеттер — аяушылық пен мейірімділік, осы қасиеттері арқылы ол Аллаға деген разылығы мен шүкірлігін таныта алады. Жомарттық туралы былай айтылған:

«Сараң – Алладан да, Жұмақтан да, адамдардан да алыс, бірақ Тозақ отына жақын. Жомарт – Аллаға да, Жұмаққа да, адамдарға да жақын, бірақ Тозақ отынан алыс» (Тирмизи).

«Жомарттық – тамыры Жұмақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Жұмаққа алып барады. Сараңдық – тамыры Тозақта, бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Тозаққа алып барады» (Байхаки).

Садақа беретін адам неге қол жеткізеді?

«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» (3:92).

«Уа, Алла, садақа берушінің мүлігін тезірек арттыра гөр, ал сараңның мүлігінің бүлінуін тездете гөр» (Байхаки).

Реквизиттер:

Kaspi 8-771-579-69-46 Дарико Б
5169 4971 4338 0420
Qiwi және Билайн бірлік ретінде 8-771-579-69-46

Қайырымдылық қордың атқарылып жатқан жұмыстарымен @salsabilqory Инстаграм парақшасында немесе төмендегі сілтемеге кіріп, таныса аласыздар:
https://youtube.com/playlist?list=PLm...
696 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 04:00:01
836 views01:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 07:15:46

1.1K views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 16:35:09
Қазақстан мектептерінде қыздарға орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі айтты. Сөзінше, 2016 жылы енгізілген тыйымға байланысты мектепке бара алмай жүрген қыздар бар. Сонымен қатар министр мектепте орамал тағу мәселесі тек Қазақстанда ғана емес басқа да елдерде талқыланып жатқанын мәлімдеді.

"Бірақ Қазақстан зайырлы мемлекет, мектеп те зайырлы мекеме. Сонау 2016 жылы қабылданған бұйрық бар, талаптар да бар. Дегенмен, әр түрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Мысалы, біз Ата-анасы бас киім таға алмағандықтан мектепке бара алмай жүрген қыздардың мәселесін қарастыра алар едік. Осы себептердің әсерінен балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді, ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек", – деді Асхат Аймағамбетов
1.0K views13:35
Ашу / Түсініктеме