Get Mystery Box with random crypto!

бүгін менің ұлыма бір ай. және менің бір ай ана болып жүрген | дәрумен

бүгін менің ұлыма бір ай.
және менің бір ай ана болып жүргенімнен түйгендерім:
- көмек сұраудан ұялма
- ақыл айтқыштар өте көп, ешбіреуіне мән берме
- 2-3 сағаттық ұйқы нормаңа айналып кетеді
- бала күндіз ұйықтаған кезде бірге ұйықтап ал, шаруалар кейін де жасалынады
- күйеуіңнің қолдауы өте қажет
- әрбір ұсақ-түйеу үшін уайымдай берме
- сенің балаң сен үшін әлемдегі барлық баладан күшті болып көрінеді
- послеродовая депрессия, жылау, стресс туралы айт, үндемей қоюға болмайды
- күніне бір сағат болсын өзіңе бөл

және тағысын тағы;)
енді бір жасқа толған кезінде жазамын түйгендерімді бұйырса