Get Mystery Box with random crypto!

Жанарды қой. . . Жүрек ше жырақтаған?! Үнсіздік - айқайыңа қ | дәрумен



Жанарды қой. . .
Жүрек ше жырақтаған?!
Үнсіздік - айқайыңа құлақ салам.
Біз тағы бөлек кеттік, бір ауыз сөз:
-“Сүюден жек көруге бір - ақ қадам”. . .

Еншілеп машақатын мұңның тағы,
Ата ма ауырсынған жырдың таңы?
Гүлдерді мен қоқысқа тастай салдым. . .
Солмаған. Сүйікті әрі күлгін - сары. . .

Жайбарақат жырта сап хаттың бәрін,
Жалғыздықтан сұраймын жаттың хәлін.
Бір күн болмас, бір күні ұмытармын
Маңдайыма сор болған бақтың дәмін.

Көкейіме тығылса көктем өлген,
Пешенеме наланы текке берген.
Мен өлеңге сырымды ақтармасам
Кім біледі Құдайға өкпелер ме ем?!

Еншімде нала менің, сынақ саған,
Жолдар да, жүректер де жырақтаған.
Біз тағы бөлек кеттік, бір ауыз сөз. . .
Бір ауыз сөз және де бір - ақ қадам. . .

15.07.2021.

#myөлеңs
#оюқыз