Get Mystery Box with random crypto!

Осакаров ауданы тұрғындарының назарына! Қарағанды облысының ә | Akimat09-Карагандинская область

Осакаров ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 3 маусымда Осакаровка кенті, Достық көшесі, 43 мекенжайы бойынша орналасқан аудандық мәдени-сауық орталығында (уақыты қосымша хабарланады) өтеді.

Тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді (8-72149) 4-33-44 және (8-72149) 4-12-67 телефондары бойынша жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) қалдыра аласыздар немесе e.kunakh@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына жібере аласыздар.