Get Mystery Box with random crypto!

Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызм | Конституциялық Сот / Конституционный Суд

Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң ережелерінің конституциялылығын тексеру туралы істі қарауды бастады

Конституциялық Соттың азамат Б.Қ.Аргумбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін, атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіру құқығынан өмір бойы айырудың негіздері мен қаншалықты сәйкес келетінін және мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болған әрекеттерді қарау бойынша отырысы өтті.
КС судьялары өтініш берушінің, Парламент Сенаты өкілінің, сарапшының және мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын тыңдады.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде, Конституциялық Соттың интернет-ресурсында, сондай-ақ басқа да дереккөздерде орналастырылатын болады.

https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ